Кіру

Басты бет >
25 қарашада "SCAT" авиакомпаниясы компанияның құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті

28/11/2022

25 қарашада "SCAT" авиакомпаниясы компанияның құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атынан компанияның мерейтойына арналған салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасын Азаматтық авиация комитетінің төрағасы - Талғат Ластаев және "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры Каталин Раду құттықтады.
"SCAT" авиакомпаниясының қызметкерлеріне "Құрметті авиатор" ведомстволық наградалары, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Азаматтық авиация комитетінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
SCAT авиакомпаниясы 1997 жылы құрылды және 25 жылдан бері әуе тасымалы қызметтерін тиісті деңгейде көрсетіп келеді. Атап айтқанда, ол тұрақты, чартерлік, туристік, репатриациялық және жүк рейстерін орындайды.
Пандемия кезінде компания ҚР азаматтарын репатриациялау және гуманитарлық жүктерді жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізді. 11 000-нан астам қазақстандық Отанына қайтарылды. Жүздеген тонна медициналық гуманитарлық жүктерді тасымалдаушы тасымалдады. Жүктердің бір бөлігі ақысыз жеткізілді.
2022 жылы авиакомпания тағы да IOSA халықаралық қауіпсіздік аудитінен сәтті өтті.
Ағымдағы жылы компания паркі Boeing типті 5-ші жаңа әуе кемелерімен толықтырылды. Желтоқсан айында компания тағы 2 жаңа Boeing 737-9 алады.
Бүгінгі таңда компанияның ӘК паркі АҚШ пен Канада шығарған 31 ұшақтан тұрады.