Кіру

Басты бет >
2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей рейстерді ашу үшін АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) өкілдері Қазақстанға шолу миссиясын бастап келді 

26/08/2024

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігімен, АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігімен бірлесіп, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.
Осы жұмыс шеңберінде 26-30 тамыз аралығында ҚР авиациялық билік орындарын бағалау үшін FAA ұшу қауіпсіздігі бойынша халықаралық бағалауға (IASA) техникалық шолу жүргізіледі. FAA мамандарының Қазақстанға келуінің алдында ҚР АҚШ-тағы Елшілігімен, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігімен және FAA-мен бірлесіп, ҚР авиация билігінің тығыз жұмысы өткізілген болатын.
АҚШ сарапшыларының келуі барысында ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің делегациясымен кездесу өткізді.
FAA мамандары Қазақстанның азаматтық авиация жүйесінің ағымдағы жай-күйіне жан-жақты талдау жүргізіп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін одан әрі арттыру бойынша ұсынымдар береді. Сапар барысында FAA аудиторлары Қазақстанның авиациялық индустриясының кешенділігін және ұшу қауіпсіздігін қадағалау жүйесін бағалайтын болады. Шолу шеңберінде Air Astana әуекомпаниясына техникалық сапар жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстанға Boeing-787 Dreamliner үлгісіндегі әуе кемелерін жеткізу 2025 жылы күтілуде. Қазақстан FAA аудитінен сәтті өтіп, алысмагистральді авиалайнерлер келгеннен кейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстердің ашылуы өтеді.
ҚР авиациялық билігі АҚШ-тың FAA-мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру және елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастырады.