17/03/2022
2022 жылғы қаңтар-ақпан кезеңінің қорытындылары бойынша қазақстандық әуе компаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылғы сәйкес кезеңімен бірдей және 1 146 мың жолаушыны құрайды. Өсудің болмауының себебі Алматы қаласындағы қаңтар оқиғасына байланысты отандық әуе компанияларының рейстері мен бірқатар әуежайлардың қызметі уақытша тоқтатылуы болып табылады.
Бүгінгі күні ішкі әуе рейстер аптасына 605 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындалады.
23 елмен халықаралық рейстер қайта жанданды (Түркия, БАӘ, Өзбекстан, РФ, Грузия, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Үндістан, Вьетнам, Ұлыбритания) Бұл 63 бағыт бойынша аптасына 212 рейс.