08/08/2022
Алты айдың қорытындысы бойынша жолаушылар айналымының өсімі жалғасуда. Қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 7%-ға артып, 4,6 млн адамды құрады (2021 жылғы 6 ай – 4,3 млн адам). 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 119%-ды құрады (2020 жылғы 6 айда – 2,1 млн адам).
Ағымдағы жартыжылдықта отандық авиакомпаниялар халықаралық желілерде 1,2 млн адамды тасымалдады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 60%-ға артық (2021 жылғы 6 айда – 0,75 млн адам), ішкі желілерде – 3,4 млн адам тасымалданды (2021 жылғы 6 айда – 3,6 млн адам).
Air Astanaның жолаушылар ағыны шамамен 1,8 млн жолаушыны; FlyArystan – шамамен 1,4 млн; SCAT – шамамен 1,7 млн; Qazaq Air – шамамен 238 мың жолаушыны құрады.
Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны осы кезеңде 10%-ға артып, 8,9 млн адамды құрады (2021 жылдың 6 айында – 8,1 млн адам).
Қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді 5 отандық авиакомпания аптасына 687 рейс жиілігімен 57 маршрут бойынша орындайды.
Халықаралық ұшулар 28 елге аптасына 115 бағыт бойынша 518 рейс жиілігімен орындалады (Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Моңғолия, Үндістан, Иран, Чехия, Греция, Италия, Қытай және Сауд Арабиясы (2022 жылғы қыркүйектен).