Кіру

Басты бет >
2019 жылғы 22-23 қазан аралығында Париж қаласындағы (Франция) ИКАО аймақтық бюросында авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық сарапшылардың бірінші отырысы өтті

25/10/2019

Отырыста жұмыс тобы құрылып, жұмыс тобының басшысы және басшының орынбасарлары сайланды.


Жұмыс тобының мақсаты - ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын енгізу жөніндегі ғаламдық жоспарының негізгі басымдықтарына қол жеткізуге Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық аймақтағы мемлекеттерге көмек және қолдау көрсету үшін тиімді тетігін құру.


Жұмыс тобы басшысының орынбасары болып "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры Дархан Катышев сайланды.


Жұмыс тобына мемлекеттердегі қолда бар ресурстарға талдау жүргізу, қажеттілікті айқындау және жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша мемлекеттерге авиациялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруде тиімді қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар беру тапсырылды.


Жұмыс тобының кезекті отырысын 2020 жылдың бірінші тоқсанында өткізу жоспарланып отыр.