Кіру

Басты бет >
20 жыл бойы бірге самғау

14/12/2022

Бүгін Air Astana компаниясының 20 жылдық мерейтойын және флоттағы 40-ші ұшақты мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Осы жылдар ішінде авиакомпания жолаушыларға қызмет көрсетуде және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жоғары стандарттарға қол жеткізді.

Биыл Air Astana Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік авиакомпания ретінде Skytrax сыйлығын 10-шы рет жеңіп алды, сондай-ақ өз тарихында тұңғыш рет "Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету"номинациясында жеңімпаз атанды. Авиакомпания IOSA халықаралық қауіпсіздік аудитінен сәтті өтті.

Салтанатты рәсімде авиакомпанияны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев және "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директоры Каталин Раду мерейтойымен құттықтады.

Пандемия кезінде авиакомпания репатриациялық рейстермен 8 мыңнан астам жолаушыны Отанына қайтарды. Жүздеген тонна медициналық гуманитарлық жүктерді тасымалдаушы тасымалдады.

Бүгінгі таңда Air Astana компаниялар тобында орташа жасы 5,2 жыл болатын 42 ұшақ пайдаланылуда. Биыл авиакомпанияның флоты алты әуе кемесімен толықтырылды, жыл соңына дейін тағы бір әуе кемесін сатып алу жоспарлануда. 2022 жылдың 10 айында тасымалданғандардың саны шамамен 6 млн. адамды құрады.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті ашу бойынша жұмыс шеңберінде Air Astana үш Boeing-787-9 ұшағын сатып алуға келісімшартқа қол қойды. Лайнерлер тасымалдаушының флотына 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында түседі деп жоспарлануда.

Air Astana компаниясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Әуекомпания ұжымына Ашық аспан, амандық және Қазақстанның дамуы үшін ұзақ мерзімді табысты жұмыс тілейміз!