Кіру

Басты бет >
1 шілдеден бастап азаматтық авиациясаласындағы уәкілетті ұйым Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиациялық реттеушінің халықаралық стандарттарына сәйкес өзін-өзі қаржыландыруға көшуде

10/07/2023

ИКАО/ЕО-ның Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы ұсынымдарының негізінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық авиациясаласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтықавиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне" және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрінің 24 наурыздағы бұйрығымен бекітілген"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларына" сәйкес өзін-өзі қаржыландыруға көшуде.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі: әуеайлақтың (тікұшақ айлығының) жарамдылығы сертификатын беру, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру, экипаж мүшесінің куәлігін беру, авиация персоналына куәліктер беру, азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру, азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту, пайдаланушы сертификатын беру, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру, азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру, азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру, Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру, азаматтық әуе кемесінің кепілі туралы шартты, оған қосымша келісімді, әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу.

Толық ақпарат сайтта

https://caa.gov.kz/kz/perechen-platnyh-uslug жарияланған.