31/01/2025
Қазақстандық авиаторлар жыл сайын жоғары еңбек нәтижелерін көрсетуде. Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестік деңгейі 82% құрайды, бұл алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Қазақстандық әуе компанияларының ЕО елдеріне ұшуына ешқандай шектеулер жоқ.
Қазіргі уақытта Қазақстанның азаматтық авиациясында 23 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Авиатор мамандығына деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Авиация тек ұшқыштар мен бортсеріктер ғана емес, ол әуе көлігінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін әртүрлі мамандар мен технологиялардың үлкен кешені.
Бүгін, сондай-ақ, 1 ақпанда Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Дәстүр бойынша бұл күні авиация саласының қазіргі қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. Айта кетейік, биыл Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік аудитінен өтеді.
Кәсіби мерекеде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің 32 қызметкеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар, жоғары марапаттарға ие болғандар: Қанат Жүсіпов – «Еңбек ардагері» медалімен, Ерлан Сейіткеров – «Құрметті авиатор» төс белгісімен, Әсем Батырбаева, Мақсат Түндебаев – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің «Құрмет грамотасы», Елена Уилсон, Рүстем Қабанбаев – Қазақстан Республикасы Көлік министрінің алғыс хатын алды.
Азаматтық авиация қызметкерлері мен Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне денсаулық, жұмыстарына табыс, жаңа жетістіктер, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Сіздің тынымсыз еңбегіңіз бен кәсіби шеберлігіңіздің арқасында азаматтық авиация дамудың жаңа көкжиектерін бағындыра берсін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!