Кіру

Басты бет >
1 мамырдан бастап Үржар әуежайы ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға жабылады

21/04/2021

Алакөл көлінің жағалауына көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ШҚО Үржар ауданының әкімдігі өткен жылдан бастап ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және ұзарту, сондай-ақ Үржар ауылының әуежайында жарық-сигналдық жабдықты орнату бойынша жобаны іске асыруда.

Жобаны іске асыру үшін 4,7 млрд теңге көлемінде қаражат Жұмыспен қамту жол картасы арқылы бөлінді.

Жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Үржар әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу 2008 жылы пайдаланыла бастағаннан бері жүргізілмегенін атап өткен жөн. Қайта жаңартуды жүргізу мерзімдерін созу ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Жаңғыртудан кейін Үржар ауылының әуежайы заманауи,  реактивті және турбовинтті Embraer 190, BombardierQ-400, CRJ-200 тәуліктің түнгі уақытында қабылдай алады. Бұл алдағы жаз маусымында Алакөл көлінің жағалауына әуе көлігімен туристер ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Үржар әуежайының жабылуына байланысты “ҚТЖ” ҰК АҚ биыл Алакөл көлі бағытындағы пойыздар мен қосымша тіркеме вагондар санын көбейтеді.

Туристер үшін көл жағалауының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі автобус маршруттарының санын көбейтуді жоспарлап отыр.