12/02/2026
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шараларын іске асыру шеңберінде Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында түсіндіру семинары өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Спикерлер мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың практикалық аспектілерін түсіндірді.
Қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтаудың практикалық мысалдарына, ішкі комплаенс-бақылау рәсімдеріне және қызметкерлердің жеке жауапкершілігіне назар аударды. Сонымен қатар семинар барысында Қоғам омбудсмені сөз сөйлеп, іскерлік әдеп нормаларын сақтау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және ашық корпоративтік ортаны қалыптастыру мәселелерін қамтыды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетіктерін енгізу және корпоративтік этиканы нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.