Кіру

Басты бет >
Қазақстанда алғаш рет жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша ИКАО аймақтық симпозиумы өтеді

04/09/2023

2023 жылғы 6-8 желтоқсанда Алматыда Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP ИКАО) бойынша ИКАО аймақтық симпозиумын өткізеді. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық сарапшылар мен топ-менеджерлер, ИКАО-ның TRIP бойынша жұмыс топтарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері жолаушыларды сәйкестендіру процесін басқару мәселелерін талқылайтын болады.   

Аймақтық симпозиум халықаралық азаматтық авиация алдында тұрған қауіптерді жою үшін халықаралық және аймақтық ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан үкіметімен бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шара ИКАО-ның TRIP стратегиясының бес элементіне, атап айтқанда: жеке тұлғаны сәйкестендірудің тұрақты процестеріне, машинамен оқылатын жол жүру құжаттары саласындағы стандарттарға, техникалық талаптар мен озық тәжірибеге, қорғалған жол жүру құжаттарын беруге және ақпарат алмасу технологияларына, сондай-ақ медициналық куәліктер мен олардың түпнұсқалығын куәландыруға арналады.

Іс-шара жол жүру құжаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қосымшалармен және шекараны басқару жүйелерімен байланысты бірқатар өнімдер мен қызметтер ұсынылатын көрмемен сүйемелденетін болады.

Аймақтық симпозиумды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызмет комитеті,  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана, Алматы қалалары әуежайлары, "Эйр Астана" АҚ, "SCAT "авиакомпаниясы" АҚ, "QAZAQ AIR" АҚ, "Азаматтық Авиация Академиясы" АҚ және "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ қолдауымен  Азаматтық авиация комитеті мен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ұйымдастырады.

Сыртқы қатысушыларды тіркеу ИКАО сайтында мына сілтеме бойынша жүргізіледі: http://www.icao.int/Meetings/TRIP-Kazakhstan-2023  .

Қазақстан тарапынан қатысушыларды тіркеу "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ арқылы жүргізіледі. Барлық сұрақтар бойынша Fal@caa.gov.kz  электрондық мекенжайға хабарласа аласыз.