10/01/2022
Рейстердің тоқтатылуы немесе басқа уақытына ауыстырылған жағдайда, брондауда ұялы телефоны мен электрондық поштасы бар жолаушылар өзгерістер енгізілгеннен кейін жүйе арқылы хабарланады. Интернетке қолжетімділік шектеулі болғандықтан, авиакомпанияның қызмет көрсету орталығымен байланыс қиын болуы мүмкін.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына ұшу кестесін келесі рейстерге ауыстыру ұсынылады.
Билеттерді қайтару және қайта брондау жағдай тұрақталып, интернет қалпына келтірілгеннен кейін сатып алынған жерде жүзеге асырылады. 19 қаңтарға дейін жойылған рейстерге билеттерді айыппұлсыз қайтаруға немесе айырбастауға болады.
Әуе билеттерін Kaspi.kz қосымшасы арқылы және әуежайлардағы әуе компаниясының кассаларынан интернетке қосылмай-ақ сатып алуға болады.
Коменданттық сағат кезінде келетін жолаушылар жеке куәлік немесе төлқұжат, сондай-ақ қала бойынша жүру үшін отырғызу талоны болуы керек.
Рейстердің жай-күйі туралы сұрақтар бойынша жолаушылар авиакомпания мен әуежайларға келесі телефондар арқылы хабарласа алады:
Turkish Airlines: +7 727 3123250, +7 727 3493336;
Белавия: +375172202555;
Lufthansa: +7 727 3335025, +7 495 4118437;
Аэрофлот: 8 800 4445555;
Орал әуе жолдары: +7 499 9202252;
Эйр Астана: +7 7272 444477;
SCAT: +7 725 2998880;
"Qazaq air": +7 7273 561414;
Fly Arystan: +7 7273 311010;
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы»: +7 7172 702999;
«Алматы халықаралық әуежайы»: +7 7272 221551;
Ақтау халықаралық әуежайы: +7 7292 609755;
«Түркістан халықаралық әуежайы»: +7 7292 609755;
Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежай (Атырау): +7 7122 764646;
Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай (Ақтөбе): +7 7132 730073;
Әулие-Ата халықаралық әуежайы (Тараз): +7 7262 542600;
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі: +77172798213, +77172798214
+77172798215, +77172798229, +77021115822, email мекенжайы call798213@mail.ru, тәулік бойы.