14/10/2021
Бүгін TransLogistica Kazakhstan 2021 24-ші Халықаралық көрмесі аясында "Пандемия кезеңіндегі авиация саласы және саланың инфрақұрылымдық жобалары" сессиясы өтті. Сессияның спикерлері - Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, "Атамекен" ҚР ҰКП азаматтық авиация жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Дәулет Хамзин, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Азаматтық авиация академиясының, "Қазаэронавигация" РМК, отандық әуежайлардың басшылығы, қазақстандық және шетелдік әуе компаниялардың өкілдері.
Қатысушылар Қазақстандағы әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымының қолданыстағы объектілерін қайта құру және жаңа объектілерқұрылысын, Қазақстандағы Covid-19 пандемиясы кезеңінде әуе тасымалдаушылар компанияларын фискалдық және қаржылық қолдау мәселелерін, сондай-ақ халықаралық рейстерді ашудағышектеулерді алып тастауда бар кедергілерді талқылады.
Өткен жыл отандық авиакәсіпорындар үшін қиын қиын болғанына қарамастан. Қазақстан Республикасының аумағында ұшулардың тоқтатылуына байланысты 2020 жылы азаматтық авиация компанияларының шығындары 350 млрд теңгеден асты. Бүгінгі күні барлық ішкі әуе рейстері қалпына келтірілді, тасымалданатын жолаушылар саны артып келеді. Қазір Қазақстаннан халықаралық әуе рейстер 58 бағыт бойынша 20 елге орындалады. Жиілігі - аптасына 237 рейс.
2020 жылы Түркістан қаласында заманауи green field әуежайы пайдалануға берілді, Қазақстан қалаларында терминалдардың, ұшу-қону жолақтарының, аэровокзалдардың құрылысы мен қайта жаңартылуы жалғасты.
Қазіргі уақытта "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасы әзірленуде, оған бес әуежайды (Қостанай, Орал, Қызылорда, Шымкент, Алматы) жаңарту бойынша шаралар енгізілген. Сондай-ақ, жергілікті әуе желілерінің сегіз аэродромының инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланған (Жәнібек, Казталовка, Сайқын, Арқалық, Сарыағаш, Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан).
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев сөзінде: "Ағымдағы жылдың 2-11 тамыз аралығында Үйлестірілген валидациялық миссия шеңберінде ИКАО аудиторларының саланы тәуелсіз тексеруі өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары".
Сарапшылар барлық көрсеткіштер бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестіктің артқанын атап өтті. Бірінші кезекте "ұйымдастыру құрылымы" және "заңнама" бойынша. Ұшу қауіпсіздігі бойынша біз Нидерланды, Бельгия, Португалия, Чехия (87%), Латвия (86%), Дания (85%), Исландия және Польша (84%) сияқты ауқатты елдердің деңгейіне жеттік.
Анықтама:
13-15 қазан аралығында Алматыда "Көлік және логистика" халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялар көрмесі - TransLogistica Kazakhstan 2021 өтуде. Ол 1996 жылдан бергі жұмыс кезеңінде бүкіл Орталық-Азия өңіріндегі ең ірі көлік көрмесі мәртебесіне ие болды. Биыл Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Ресей, Украина және Эстония елдерінен 80-нен астам компания көрмеге қатысуда.
Іскерлік бағдарламаның мазмұны сала алдында тұрған міндеттер мен өзекті мәселелерді көрсетеді. Көрме аясында «Көлік және логистика нарығы» III Халықаралық Конференциясы өтеді. Екі күн ішінде қатысушылар отандық көлік саласының жай-күйі мен даму перспективаларын - контейнерлеу бағдарламасын; көлік саласындағы ақпараттық және цифрлық технологияларды; көлік пен логистикадағы инфрақұрылымдық жобаларды талқылайды.