19/02/2021
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Qazaq Air» АҚ қызметіндегі ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын жоспарлы тексеруді аяқтады. Тексерумен ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығын ұйымдастыру, мұздануға қарсы өңдеу процедуралары, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің стандарттарына сәйкестігі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік нормаларын сақтау мәселелері қамтылған.
Инспекция медициналық бөлімді, ұшақта қызмет көрсетуді, лицензиялар мен сертификаттар беруді қамтыды және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген алдын-ала инспекцияның жалғасы болып табылады. Инспекция ИКАО аудитін өткізуге дайындық аясында авиация саласының стандарттарын арттыруға бағытталған.
Инспекциялық тексеру қорытындысы бойынша 13 бұзушылық анықталды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Qazaq Air» АҚ қызметін жоспарлы тексеру нәтижелерін әуе компанияға жіберді.
“Біз Qazaq Air әуе компаниясы Қазақстанда жұмыс істейтін басқа әуе компаниялармен қатар ұшу қауіпсіздігі көрсеткіштерін арттыруды жалғастырып жатқанын көруге қуаныштымыз”, – деп атап өтті Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.
Qazaq Air 10 күн ішінде авиациялық әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 3 ай ішінде жойылмаса және ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынуы немесе мәжбүрлеу шаралары қабылдануы мүмкін.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен «Qazaq Air» әуе компаниясының арасындағы өткен кездесудің қорытындысы бойынша тексеру жүргізу және бұрын болған авиациялық оқиғалардың себептерін анықтау кезеңінде әуе компания пневматиктердің жағдайына бақылауды күшейту және тежегіш жүйесінің, әуе кемелерінің тұрақ алаңдары ақауларын жою жөнінде шаралар қолданатыны, шасси мен тежегіштердің жағдайына назар аударуды күшейту мақсатында әуе компанияның ұшу және техникалық персоналын хабардар етуді жүргізетіні туралы шешім қабылданды. Әуе компания авиациялық оқиғалардың себептерін анықтаған кезде әуе кемелері мен пневматиктерді өндірушімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, тұрақ пен ұшу-қону жолағын бақылау мәселесі көтерілді, өйткені механизм жердегі нысандардан дөңгелектердің зақымдалуын көрсетеді. Мұны одан әрі Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жердегі қауіпсіздік қызметі жүзеге асырады.
Бұдан басқа, “Qazaq Air” әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігінің жағдайын арттыру мақсатында техникалық жай-күйді қадағалау функцияларын Аруба аралы авиациялық билігінің заңдық реттеуінен Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне беру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Жалпы, 2020 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 458 инспекциялық тексеру жүргізді, 5000-нан астам бұзушылық анықталды. Авиациялық компаниялардың бұзушылықтары жабық болып табылады, бақыланады және белгіленген мерзімде кейіннен тексеруге жатады. Бұл бұзушылықтардың көпшілігі ауыр емес, бірақ екінші және үшінші деңгейдегі қорғаныс шаралары болатындықтан оларды жою ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де маңызды. Қауіпсіздіктің маңызды мәселелерінің салдары олар шешілгенге дейін пайдалануды тоқтата тұруға әкеледі.
2020 жылы ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалмауына байланысты 6 оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. Бек Эйр, Sigma Airlines операторларының сертификаттары қайтарылды.
Көптеген бұзушылықтардың анықталуы авиациялық инспекторлардың санына, сондай-ақ ИКАО, UKCAA және EASA өткізетін білікті оқытуға тікелей байланысты екенін айта кету керек. Авиациялық әкімшіліктің штат саны 142 қызметкерді құрайды, оның 89 инспекторлық құрам.