19/12/2024
Парижде ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын тілдік талаптарды енгізу бойынша ИКАО жұмыс топтарының 45 отырысы өтті (ICAO LPRI TF 45). Іс-шараға Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен Мадияр Қаражанов, "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан Айсара Ибрайм және Балнұр Мұқанова қатысты.. Жалпы семинар 20-дан астам елден және EASA, FAA, IATA, ICAEA, EUROCONTROL, JAA TO және Mayflower College UK және т. б. ұйымдардан 39 лингвистикалық сарапшыны жинады.
Кеңестің маңызды тақырыптарының бірі тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін ИКАО шкаласын өзгерту мәселесі болды, атап айтқанда шкаланы А, Annex 1 / ICAO doc 9835 Толықтыруындағы құзыреттілік тәсіл қағидаттарына сәйкестендіру мәселесі. Өзгерістерді енгізу мерзімі – 2028 жыл, толықтай енгізу -2030 жыл. Кеңеске қатысушылар сұрақтарды шешу тұжырымдамасын айтуға және одан әрі ұжымдық шешу үшін проблемалық мәселелерді көтеруге мүмкіндік алды.
Отырыста ICAO EUR Doc 46 Guidance on the harmonized implementation of language proficiency requirements and its oversight құжаты да талқыланды (Тілдік талаптарды енгізуді үйлестіру және қадағалау жөніндегі нұсқаулық). Қазіргі уақытта жұмыс топтары осы құжаттың қағидаттарын ИКАО-ға мүше елдерде енгізу міндетін қойып отыр.
Сонымен қатар, ICAO Doc 10197 құжатында ұсынылған критерийлермен радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тесттердің сәйкестігі мәселелері қаралды– 2024 жылы қабылданған Test Design Guidelines Handbook on the Design of Tests for the ICAO Language Proficiency Requirements, (ИКАО-ның тілді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес тесттерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулық).
Қазақстандық делегация басқа авиация мамандары, атап айтқанда іздеу және құтқару қызметшілер, өрт сөндірушілер, жүргізушілер және ATSEP мамандары үшін фразеологизмдерді әзірлеу мәселелерін, сондай-ақ онлайн тестілеу мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Бұл ретте онлайн тестілеуге байланысты оң және теріс аспектілер қарастырылды, сарапшылар дайындықта және тестілеуде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндігін атап өтті.