Кіру

Басты бет >
ИИДМ басшысы Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісімен және Еуропалық Комиссия делегациясымен кездесті

11/10/2021

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен және Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі мен Еуропалық Одақ елдерінің авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен Еуропалық Комиссия делегациясымен кездесті.


Еуропалық делегация елдегі ұшу қауіпсіздігін қадағалау жүйесін ИКАО стандарттарына сәйкестігін бағалау және жергілікті әуе компанияларды сертификаттау мен қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін тексеру мақсатында келді.


Комиссия сарапшылары ҚР авиациялық билігінің Қазақстандағы азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға тиімді бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қабілетін тексеретін болады. Бұл сапар елдің авиация билігі ұшу қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын растап қана қоймай, сонымен қатар ұшу қауіпсіздігіне қатысты кез келген елеулі тәуекелдерді анықтай алатынын және анықталған тәуекелдерді бақылау үшін тиімді шараларды қабылдай алатынын растауға бағытталады. Министр бұл бағытта көптеген жұмыстар жүргізілгенін және елдегі ұшу қауіпсіздігін жақсартудағы ілгерілеуді көрсетуге дайын екенін атап өтті.


Осылайша, азаматтық авиацияны басқару тәсілдерінде түбегейлі реформа жүргізілді. Е Елімізде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі іске қосылды, оның негізгі функциялары ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық бақылау мен қадағалау болып табылады. Британдық азаматтық авиация агенттігімен (UKCAAi) келісім жасалды. Азаматтық авиация саласын реттеудің бұл жаңа моделі ИКАО құжаттарына толық сәйкес келеді. 2021 жылдың тамызында министрлік жүргізген жұмыс ИКАО валидациялық миссиясы барысында жоғары бағаланды және Қазақстанда ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 74%-дан 84%-ға дейін өсті, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары.

Анықтама үшін:


ИКАО стандарттарына сәйкестіктің өсуі барлық көрсеткіштер бойынша көрсетілді.
- Негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61% -дан 81% -ға дейін;
- Азаматтық авиация ұйымы (ОРГ) 37% -дан 75% -ға дейін;
- Аэронавигациялық қызметтер (АНС) 87% -дан 95% -ға дейін;
- Әуеайлақтар және жердегі құралдар (AGA) 56%-дан 90%-ға дейін;
- Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47%-дан 53%-ға дейін.


Нәтижесінде Қазақстан Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения - 82%, Кипр - 82% сияқты дамыған елдердің деңгейіне жетті.