Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің  мамандары Грузияның Тбилиси қаласында өткен ИКАО Қоршаған орта және CORSIA семинарына қатысты

20/10/2023

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Тұрақты даму басқармасының қоршаған орта жөніндегі мамандары Айтқұлова Әсел мен Абдуали Жұлдыз 2023 жылғы 17-19 қазан аралығында ИКАО Еуропалық агенттігі мен Тбилисидегі Грузия Азаматтық авиация агенттігі ұйымдастырған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының семинарына қатысты.

Семинар мүше мемлекеттердің азаматтық авиациядағы CO2 шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларына - SAP, Халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесіне - CORSIA және тұрақты отын түрлеріне - SAF бағытталған. Семинарға Әзірбайжан, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Беларусь, Молдова, Венгрия, Албания, Греция сияқты көршілес мемлекеттердің авиациялық билігі мен авиакомпанияларының өкілдері және ИКАО және ECAC сияқты ұйымдардың тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандары қатысты. ИКАО мамандары ИКАО Ассамблеясының А41-21 қарарымен қабылданған ИКАО-ның Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттары мен ұсынылған тәжірибелерін жаңартумен бөлісті. ИКАО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері ИКАО-ның Ltag ұзақ мерзімді қалаулы мақсаты шеңберінде көміртегі бейтараптығына қол жеткізу саласындағы өз елдерінің өзекті жағдайымен есеп берді.

Қазақстанның авиациялық билігі 2020 жылы CORSIA жүйесінің пилоттық және бірінші кезеңіне ерікті түрде қатысатынын мәлімдеді. CORSIA жүйесінің стандарттары мен талаптары Қазақстан Республикасында Жоғарғы Кеңестің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясының 16-қосымшасының IV томында баяндалған. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі азаматтық авиация саласындағы ұлттық заңнамаға CORSIA стандарттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Халықаралық авиациядан эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелер 2027 жылдан бастап ИКАО-ға қатысушы барлық мемлекеттер үшін міндетті болады.

ИКАО есебіне сәйкес, әлемдік RTK көлемінің 98,53% - құрайтын 140 мемлекет ИКАО-ға өз елдерінің SAP-ін өз еркімен ұсынды. ҚАӘ ұйымның стратегиясына азаматтық авиациядағы CO2 шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және қабылдауға үлес қосты.

Сондай-ақ, ИКАО Еуропалық агенттігімен және Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен ИКАО мамандарының қатысуымен Қазақстанда азаматтық авиацияда қоршаған орта бойынша семинар өткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде, бұл Қазақстанның мүдделі тараптарына CORSIA жүйесін дұрыс түсіну, ИКАО-дан стандарттарды енгізу бойынша ұсыныстар мен құралдарды алу үшін платформа береді.