Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің 2020 жылғы даму қорытындылары

26/12/2020

2020 жыл әсіресе жаңа ұйым үшін қиын болды. Жылдың басы 27 желтоқсанда «Бек эйр»әуе компаниясының Fokker-100 UP–F1007 әуе кемесінің апатқа ұшырауымен күрделенді. Әуе апатынан 12 адам қаза тапты. Осы кезеңде Авиациялық әкімшілікте жаңа британдық үлгіге көшудің белсенді процесі жүрді және бұл қайғылы оқиға трансформацияны жеделдетті. Осы оқиғаны тергеу кезінде Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігі (UK CAA), Еуропалық комиссия мен Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық авиациялық агенттігі (EASA) белсенді қолдау көрсетті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің дамуына ықпал етудіжалғастыруда. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ әуе кемесі апатынан кейін Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанның барлық авиакомпанияларының қызметіне жоспардан тыс аудит жүргізді.Әуе кемелеріне берілген лицензияларды тексеру жұмыстары жолаушылар мен жүк тасымалына жоғары қауіп төндіретін ұшақтар тізімінен басталды. Техникалық жағдайы мен ұшуға жарамдылығына аудит, барлық процестердің құжаттамасының сапасына бақылау жүргізілді. Болашақта авиакомпанияларда, сондай-ақ әуежайлар мен аэронавигация ұйымдарында қауіпсіздікті басқарудың жұмыс жүйесінің болуы басты назарда болады.

Бүгінгі күні Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 331 инспекция өткізді, шамамен 2400 бұзушылық анықталды. Олардың көпшілігі ұсақ бұзушылықтар болып табылады. Авиация саласының субъектілері бұл бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жойды. Көптеген бұзушылықтардың анықталуы авиациялық инспекторлардың санына, сондай-ақ ИКАО, UKCAA және EASA өткізетін білікті оқытуға тікелей байланысты екенін айта кету керек.

Бұл бұзушылықтардың көпшілігі елеулі емес, бірақ екінші және үшінші деңгейдегі қауіпсіздікті қорғау шараларын орындау маңызды болғанымен, қауіпсіздіктің маңызды проблемалары емес. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде барлығы 142 қызметкер бар, оның 79 инспекторлық құрам.

Ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалмауына байланысты 6 оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. 2 оператордың сертификаттары қайтарылды: Бек Эйр, Sigma Airlines, сондай-ақ инженерлік тексеруден кейін ұшу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін бір ұшақ тоқтатылды.

Fokker-100 апатынан кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлері Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігі инспекторларының қолдауымен Бек Эйр әуе компаниясының нормативтік талаптарына сәйкестік аудитін жүргізді. Тексеру барысында ұшу қауіпсіздігінің бірқатар елеулі бұзушылықтары анықталды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланған болатын. Сонымен қатар, бұрын Бек Эйр әуе компаниясын тексерген екі авиациялық әкімшілік инспекторына қатысты ішкі тергеу жүргізілді. Бұл инспекторлардың әрекеттері орынсыз деп танылғандықтан жұмыстан босатылды.

Fokker-100 әуе кемесі апатынан кейін Бек Эйр әуе компаниясына ерекше назар аударылды. Заңсыз ұшу фактілері анықталды. Халықаралық рейстерді орындауға сертификаты жоқ әуе компания Африка елдерінде, сондай-ақ Ауғанстанда заңсыз рейстер жасаған. Бұрын бұлбұзушылықтар анықталмаған. Бес айға созылған тергеу, әрі қарай жалғастыру үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің тергеушілеріне берілді.

Бұдан басқа, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің эмбаргосын Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен бұзған 3 авиакомпания осы схема бойынша жұмыс істеді (“Azee Air” ЖШС, “Sigma Airlines” ЖШС, “Jenis Air” ЖШС). Пайдаланушылардың әуе кемелерінің меншік иелері шетелдік компаниялар болып табылады. Аталған әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшақтары Таяу Шығыс өңірінде шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылды. Бірнеше айға созылған тергеу барысында Sigma airlines Чилиде заңсыз рейстер жасағаны анықталды. Тергеуге бірқатар мемлекеттік органдар, БҰҰ қызметкерлері және үшінші елдердің тергеу топтары тартылды.

Тергеу барысында бірқатар проблемалық мәселелер анықтады. Соның бірі қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ отандық инспекторларды қосымша даярлау қажеттілігі. Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігі тарапынан қажетті тренингтерге толық аудит жүргізілді және қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлері белгіленген оқу жоспарына сәйкес оқытудан өтуде.

Келесі мәселе – қағаз жүзіндегі құжаттар. Оңай жасалуы мүмкін қағаз жазбаларын түпнұсқалығын тексеру мүмкін еместігі. Нәтижесінде барлық жазбаларды цифрландыру процесі басталды, ол шамамен 3 жыл уақытты алады. Талаптарды сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанға қажетті құралдарды әзірлеуге көмек көрсететін халықаралық сарапшыларды тарта отырып, авиациялық қадағалаудың жаңа әдістерін енгізу үшін ақпараттық технологияларды дамыту бағдарламасы құрылды.

Оқу жоспарларында экипаж бен инженерлік-техникалық персоналдың тиісті даярлығына кепілдік беретін, олар басқаруға жауапты тәуекелдерді түсінуге мүмкіндік беретін ақпараттық материал болмады. Атап айтқанда, экипаждар мен персоналдың ұшу қауіпсіздігіне байланысты әрекеттерінің жауапкершілігі туралы мәселені қайта қарау қажет болды. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелері жетілдірілді. Барлық үш негізгі авиакомпания ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін жақсарту бойынша белсенді өзара іс-қимылға кірісті және ұшу қауіпсіздігінің негізгі мәселелері бойынша реттеушімен үнемі тұрақты диалог жүргізеді. Қауіпсіздікті оқыту байланысты жақсарту үшін ұшу қауіпсіздігі бойынша есептілік жүйелерін әзірлеумен қатар қарастырылады

Әуе апаты Қазақстандағы авиация саласын басқарудағы проблемаларды түсінуге көмектесті және әуе апатының нәтижелері бойынша қорытындылар “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” басқармасы мен басшылығы, Азаматтық авиация комитеті бекіткен авиациялық стратегияға енгізілген. Оны орындауға толық жұмыс істейтін авиациялық реттеушіні құру үшін үш жыл кетеді.

Осы стратегия аясында біз Қазақстанның авиациялық заңнамасын ИКАО талаптарына сәйкес қайта қарадық.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шет мемлекеттің әуеайлақтарында тұрақты базасы бар, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінен тыс ұшатын пайдаланушыларға қатысты тұрақты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға түзетулер пакетін дайындады. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары туралы заңнама, төлемақы алу схемалары, бақылау және иелену, ұшу мәдениеті, оқиғалар туралы есептілік және авиациялық оқиғаларды тексеру сияқты тәуекелдерді басқару жөніндегі қосымша ережелерді қолданысқа енгізу жөніндегі кешенді бағдарламаны дайындады.

Түзетулер мақұлданған жағдайда, Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінен тыс тұрақты емес ұшуларды орындайтын азаматтық әуе кемелерінің операторлары өздерінің бас кеңселерін Қазақстан аумағында ғана орналастыруы керек және    ұйымдар қызметі мен операцияларының бағытына, бақылауына және үйлестірілуіне әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар, жерүсті және спутниктік байланыс арналары арқылы жүк тасымалдауға арналған әуе кемесінің жағдайы мен орналасқан жері туралы деректерді беруді қамтамасыз ететін жабдықтың болуына міндетті талаптар енгізілетін болады.

Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін бақылау туралы заңнаманың талаптары күшейтіледі. “Кейбір заңнамалық актілерге көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасын әзірлеу жүргізілуде.

“Әділ мәдениет” (Just Culture) тұжырымдамасы әзірленуде, 2021 жылы іске қосылады. Ол авиациялық персонал жазадан қорықпай өз қателіктері туралы еркін хабарлай алатын және жұмыс беруші мен уәкілетті ұйымға олардың себептерін жоюға көмектесетін орта құруға көмектеседі. Бұл сонымен қатар өзара әрекеттесу топтарын құрумен толықтырылады, олардың алғашқы үшеуі – әуе компаниялар, әуежайлар, ұшқышсыз ұшу аппараттарының әзірлеушілерімен операторлары. Келесі жылы азаматтық авиация қоғамдастығымен, сондай-ақ жеке және спорттық ұшулармен байланысты кеңейту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

68-қадам моделі – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалпына келтіру және өсуге қолдау көрсету арқылы саланы қолдау. Бұл Еуропалық Одақ сияқты басқа мемлекеттік субъектілердің сыртқы әрекеттері арқылы бұзылуларды азайту үшін саланың болашақ тұрақтылығына бағытталған. Бұған ИКАО, Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық авиациялық агенттігі және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа ведомстволармен және министрліктермен өзара әрекеттесуді жақсарту арқылы халықаралық байланыстардың кеңеюі ықпал етеді.

Жер учаскелерін беру рәсіміне ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін әуеайлақ маңындағы аумақта жерді пайдалануды және объектілер салуды шектейтін өзгерістер енгізіледі.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Алдағы жылдарға арналған дамудың басым бағыты ұшу қауіпсіздігінің деңгейінің дәйекті өсуі болып қала береді.