Кіру

Басты бет >
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІНЕ – 5 ЖЫЛ

01/08/2024

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік саласында техникалық авиациялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мекеме.  

ҚАӘ қызметі азаматтық авиацияны реттеудің еуропалық моделіне бағытталған, ол әлемдегі ең озық және ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады, ИКАО стандарттарына және ұсынылған тәжірибеге толық сәйкес келеді.

ҚАӘ бес жыл ішінде азаматтық авиацияның негізгі заңына түзетулер жобаларын және 100-ден астам НҚА жобаларын әзірледі, сондай-ақ уәкілетті органмен бірлесіп тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл орасан зор жұмыс жаңа стандарттарды, ИКАО-ның ұсынылатын тәжірибесін және озық халықаралық тәжірибені енгізуге.

2021 жылы ИКАО-ның валидациялық миссиясы өтті, оның нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін көтерілді, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары.

Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша Еуропалық Комиссиямен тығыз жұмыс жүргізілді. Мәселен, ағымдағы жылы Еуропалық комиссия, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттік (EASA) және Еуропалық Одақ мүшелерінің авиациялық билігі сарапшыларының техникалық сапарының нәтижелері және Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті отырысының қорытындылары бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан ұшу қауіпсіздігі жөніндегі күшейтілген мониторингтен шықты. Бұл қазақстандық авиакомпанияларда Еуропаға ұшуға шектеулер жоқ дегенді білдіреді. Сертификатталған 19 авиакомпанияның 7-і Еуропаға ұшуға рұқсаты бар.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚАӘ 28 мыңнан астам мемлекеттік қызметті жүзеге асырды. Көрсетілген кезеңде авиациялық қауіпсіздік инспекторлары 358 тексеру жүргізді, 10 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде экипаж мүшесінің куәліктерін беру және әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметтерін сертификаттау бойынша. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесінің инспекторларын жұмысқа жіберудің 4 мыңнан астам рәсімі жүргізілді.

Бес жылдық кезеңде ұшуды пайдалану саласында ҚАӘ инспекторлары инспекция жасап, пайдаланушының 41 сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына 24 куәлік берілді.  

Лицензиялау саласында бес жыл ішінде ҚАӘ авиациялық персоналға куәлік беру және авиациялық-оқу орталықтарын сертификаттау бойынша 15 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

Қазақстан ТМД-да бірінші болып ұшу-қону жолағы (GRF) бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматының стандарттарын 100% енгізу туралы жариялады. Бұл құжат ИКАО-ның әуе кемелерін шығарумен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған маңызды ережесі болып табылады.

2020 жылы ҚАӘ Түркістан жаңа әуежайынқабылдап алды. Бұның алдында аэродром пайдаланушысында қауіпсіздік стандарттарын арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

Қазіргі уақытта авиациялық әкімшілікте 150-ден астам авиациялық инспектор жұмыс істейді, олардың тәжірибесі үздік халықаралық тәжірибелер негізінде үнемі байытылады. Білім алу әлемнің бірнеше мемлекеттерінде өтеді, бұл ҚАӘ-нің жаһандық тәжірибені пайдалануға және халықаралық байланыстарды дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.  

Авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейге жетудің басты шарттары – қатаң стандарттар мен рәсімдер орындалуын бақылау, персоналды тұрақты оқыту, заманауи технологияларды енгізу, тәуекелдерді басқару және тығыз халықаралық ынтымақтастық.

Атап айтқанда, 2019 жылы ИКАО Ассамблеясы шеңберінде Қазақстан авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қол жеткізген нәтижелері үшін әлемнің 190 елі арасында ИКАО Кеңесі Президентінің жоғары наградасымен марапатталды.

2023 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне «Air Transport News Corporate Award» корпоративтік марапаты табыс етілді. Бұл Қазақстандағы азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша жүргізілген жұмысты мойындау деген сөз.

Елімізде алғаш рет ИКАО талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2024-2027 жылдарға арналған ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жоспары әзірленді.

ҚАӘ Қазақстанның әлемде танылуын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, 2023 жылы ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Алматыда жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (ICAO TRIP) бойынша өңірлік симпозиум өткізді. Іс-шара аясында ИКАО ресми түрде 2024 жылды Формальдылықты жеңілдету жылы деп жариялады. Бес жыл ішінде ҚАӘ инспекторлары формальдылықты жеңілдету, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету желісі бойынша 140 тексеру және қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау желісі бойынша 86 тексеру жүргізді.

2024 жылы Қазақстанда авиациялық дрондар саласындағы әлемдегі ең ірі ойыншы – JARUS-тың және 65 елдің халықаралық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі авиациялық биліктердің бірлескен комитетінің пленарлық отырысы ұйымдастырылды. 2023 жылғы шілдеде Қазақстан осы ұйымның 66-шы мүшесі болды, ал Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас директоры Қазақстан Республикасынан Азия/Австралия өңірінің JARUS вице-төрағасы лауазымына сайланды.

Өңірлік деңгейде ҚАӘ бастамасымен Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясы құрылды. Бұл Қазақстанды өңірдегі көшбасшы позицияларда нығайтатын өте маңызды бастама.

Жақын арада авиация әкімшілігі АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосу үшін FAA ұшу қауіпсіздігі аудитінен өтетін болады.  

Жылдам өсіп келе жатқан трафик (жыл сайын 20%-дай) әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристер тарапынан Қазақстанның авиациялық қауіпсіздігіне деген сенімнің айғағы болып табылады.

ҚӘА-ның күш-жігері мен жетістіктері Еуропалық Комиссияның, EASA, FAA және әлемдік авиация саласындағы басқа да беделді ұйымдардың қолдауын табуда. Жұмыс нәтижелері Қазақстанның Орталық Азия мен ТМД елдері арасындағы жетекші ұстанымдарын нығайтып, авиациядағы реформаларды табысты іске асырудың үлгісі болып табылады.