28/01/2020
28 қаңтарда Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Чикаго конвенциясының 83bis бабына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау және бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында Бермуд аралдарының авиациялық биліктерімен отырыс өтті. Бермуд аралдарымен бұл Келісім пайдаланушылар мен лизингтік компанияларға өз әуе кемелерін қайда тіркеуді шешуге мүмкіндік береді. Бұл аспект ұшақтарға техникалық қызмет көрсету мәселелерінде маңызды.
Кездесуге Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің және Бермуд аралдарының азаматтық авиация департаментінің басшылығы, сондай-ақ "Air Astana", "Казавиаспас", "Евро-Азия Эйр", "Prime Aviation", "Бурундайавиа" және "Kaz Air Jet" әуе компанияларының өкілдері қатысты.
Бірлескен отырыста Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізетін ұшу қауіпсіздігін қадағалау, ұшуды пайдалану жөніндегі қызмет, ұшуға жарамдылығын қолдау және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, "Пайдаланушыға техникалық қызмет көрсетуді реттеудің нұсқаулықтары", EASA SAFA инспекциясы, сондай-ақ инспекциялық тексерулер мен аудиттердің нәтижесінен туындайтын басқа да маңызды мәселелер қаралды.
"Бүгінгі таңда шетелдік әуе кемелерінің иелері әуе кемесін қайда тіркеуді өздігінен таңдай алады. Қазақстанда пайдаланылатын көптеген әуе кемелер мемлекеттен тыс тіркелген, мысалы Арубада (Реестр-P4). Осы сияқты, Ресейде Бермуд аралдарында ұшақтарды тіркеу кеңінен таралуда. Мәскеуде Бермуд аралдарының авиациялық биліктері Ресейде пайдаланылатын әуе кемелерінің флотын басқаратын жеке кеңсесі бар" - деп атап өтті Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.
Бермуд аралдарының Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Томас Дунстан Бермуд аралдарының ИКАО – ға мүше 193 елдің арасында әуе кемелерінің тіркелу көлемі жағынан 10-шы орында екендігіне тоқталды. Бұл 83bis келісіміне сәйкес пайдаланылатын 800-ден астам коммерциялық ұшақ. Сондай-ақ делегация Бермуд қауіпсіздігін қадағалау жүйесін және қазақстандық әуе компаниялар үшін 83 bis бабы келісімін қолдану ерекшелігін таныстырды.
Чикаго конвенциясының 83 bis бабы әуе кемесі тіркелген мемлекеттің өзара келісімі бойынша әуе кемесі пайдаланылатын мемлекетке ұшу қауіпсіздігінің белгілі бір салаларындағы өздерінің кейбір немесе барлық функцияларын бере алатынын көздейді. Баптың ережелеріне сәйкес осы түзетуге қол қойған басқа мемлекеттер (үшінші тараптар) өз әуе кеңістігінде пайдаланылатын әуе кемелеріне қатысты осындай келісімдерді мойындауы қажет. Бұл ережелер ұшуға жарамдылық пен авиация персоналының куәліктерін беру мәселелерін де қатысты.
83 bis қолданудың негізгі себебі ұшу қауіпсіздігін қадағалау бойынша шығындарды және тиісінше ұшақтарға шығындарды азайту болып табылады. Келісімге қол қойған Қазақстан әдетте тіркеу мемлекетімен орындалатын кейбір функцияларды орындайды, бұл әуе кемелерінің тоқтап қалуы мен шетелдік инспекторлардың жол жүру шығындарын азайтады. Бұл әуе компаниялар үшін тиімді, себебі жергілікті персонал арқылы әуе кемелерінің жұмысы қамтамасыз етіледі.