17/06/2024
Ағымдағы жылдың 12-14 маусым аралығында Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігінің және "Казаэронавигация" РМК қызметкерлері Париж қаласында өткен радиотелефон байланысында қолданылатын тілді меңгеруге қойылатын талаптарды енгізу бойынша EASPG LPRI TF (European Aviation System Planning Group-Language Proficiency Requirements implementation Task Force) ИКАО-ның 44-ші кеңесіне қатысты.
Кеңеске Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тарапынан Лицензиялау Департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов пен авиациялық оқу орталықтары басқармасының аға авиациялық инспекторы Мадияр Қаражанов, "Қазаэронавигация" РМК тарапынан кәсіптік даярлау орталығының авиациялық ағылшын тілі бойынша нұсқаушылары Айсара Ибрайм мен Балнұр Мұқанова қатысты.
EASPG LPRI TF-тің 44-ші отырысында кіші топтар EUR Doc 046 «Guidance on the Harmonized Implementation of Language Proficiency Requirements and its Oversight» құжатын егжей-тегжейлі талқылады, ол Doc 9835 - "ИКАО-ның тілді меңгеру талаптарын енгізу жөніндегі Нұсқаулыққа" қосымша болып табылады және ұсынымдық сипатқа ие.
Сонымен қатар, 44-ші мәжілісте авиациялық ағылшын тілін дайындау мен бағалауда құзыреттілікке негізделген тәсілді енгізу, ұшу қауіпсіздігіне байланысты тілдік мәселелер, әртүрлі мамандардың ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар, мамандарды даярлаудың даму тенденциялары және авиациялық ағылшын тілінде тестілеу, сондай-ақ ұлттық реттеушілер мен ұйымдарға LPR-ды түсіндіру мен жүзеге асыруға келісілген тәсілді қамтамасыз етуде қолдау көрсету.
EASPG LPRI TF реттеушілермен, тілге қойылатын талаптарды енгізу жөніндегі ұлттық үйлестірушілермен, аэронавигациялық қызмет провайдерлерімен, оқу ұйымдарымен, әуе кеңістігін пайдаланушылармен және авиациялық ағылшын тілін білуге қойылатын талаптарды түсіндіруге және енгізуге келісілген тәсілді қамтамасыз ету бойынша тестілеу қызметтерін жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау үшін құрылған.
Біздің мамандардың жұмыс кіші тобының мүшелері ретіндегі жұмысы тестілеу стандарттарын жақсартуға, авиациялық ағылшын тілін оқыту сапасын жақсартуға және Қазақстанда, сондай-ақ әлемдік деңгейде авиациялық ағылшын тілін білу талаптарын енгізуде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.