Кіру

Басты бет >
ҚАӘ ААК АОИТТБ айырмашылығы

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру басқармасының негізгі функциясы оқиғаның себептерін анықтау, авиациялық оқиғалардың алдын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтық (эксперименттік) әуе кемелерімен, Қазақстан Республикасының аумағында болған шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерімен, сондай-ақ Қазақстан республикасының одан тыс жерлердегі әуе кемелерімен авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеруді жүргізу не оларға қатысу болып табылады және болашақтағы оқиғалар, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқиғаны жіктеу бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мемлекеттік мекемесі азаматтық авиация саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын уәкілетті орган болып табылады.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым болып табылады, оның негізгі функциялары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласында техникалық авиациялық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.