ҰҚЖ БЕТІНІҢ ЖАЙ – КҮЙІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ҰСЫНУДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ФОРМАТЫ-ИКАО GRF.

Біз Cіздерге ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша азаматтық авиация саласының алдына қойған стратегиялық мақсаттарына сүйене отырып, 2023 жылғы 28-29 қараша аралығында Алматыда "Ұшу – қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы-ИКАО GRF" тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастыратынын қуана хабарлаймыз.

ИКАО GRF қолданудың негізгі мақсаты әуе кемесінің ұшу-қону жолағынан тыс шығу тәуекелдерін азайту болып табылады. GRF енгізу процесі және оны одан әрі қолдану көптеген мәселелерді, соның ішінде ТМД елдері үшін қалдырғанын ескере отырып, аталған семинардың мақсаты - GRF енгізу және қолдану барысында туындаған мәселелерді шешу тәжірибесімен аймақ елдерімен бөлісу.

Іс-шараның спикерлері АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасының (FAA), Airbus, Әзірбайжан азаматтық авиация билігінің мамандары, ҰҚЖ жай-күйін бағалауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірушілер - MOVENTOR Oy, Monitor Soft, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "Қазаэронавигация" РМК, отандық авиакомпаниялар мен әуежайлар болады.

Тіркеу 2023 жылғы 31 қазанға дейін жарамды.

АҚПАРАТ

Күн тәртібі

28 қараша

9:00 – 10:00 Қатысушыларды тіркеу
10:00 - 10:10 Конференцияның ашылуы, құттықтау сөзі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары– Жарылгасов Сарсен ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті
10:10 – 10:20 Авиациялық инфрақұрылымның аға директоры-Тамара Арчуадзе. «Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігі» АҚ
10:20 – 11:00 Ұшу-қону өнімділігін бағалау (TALPA) және ҰҚЖ бетінің күйін бағалау матрицасы (RCAM) FAA сарапшы- Чад МакКормак Федералдық авиация басқармасы (FAA)
FAA сарапшы- Эндрю Эдсторм Федералдық авиация басқармасы (FAA)
11:00 – 11:30 Жаһандық есеп беру форматы Ұшу-қону жолағының беткі жағдайы IATA -E-Learning Course Директордың көмекшісі, ATM инфрақұрылымы -Дмитрий Косолапов IATA
11:30 – 12:00 Кофе-брейк
12:00 – 12:20 Қазақстан Республикасында GRF енгізу тәжірибесі Аға авиация инспекторы – Амантайулы Ернар «Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігі» АҚ
12:20 – 12:40 GRF енгізуге байланысты өзгерістерді басқару және тәуекелдерді бағалау Әуеайлақтар және жерде қызмет көрсету департаментінің директоры – Ерошина Светлана «Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігі» АҚ
12:40 – 13:00 GRF-ті ATS-ке енгізу тәжірибесі Басшының орынбасары УАИ - Нарбеков Данияр "Қазаэронавигация" РМК
13:00 – 14:00 Түскі ас
14:00 – 14:20 Программалық жасақтама Ais.ans.kz Snowtam жүйесінің жетекші әзірлеушісі – Лутовинов Алексей Владиславович. Мониторсофт
14:20 – 14:40 Қазақстан әуежайларында GRF қолдану ерекшеліктері Әуеайлақ қызметінің маманы – Алибек Кункенов "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ
14:40 – 15:00 Қазақстан әуежайларында GRF қолдану ерекшеліктері Әуеайлақ қызметінің маманы - Маковский Александр АО «Международный аэропорт Сары-Арка»
15:00 – 15:20 Қазақстан әуежайларында GRF қолдану ерекшеліктері Әуеайлақ қызметінің маманы - Джумабаев Руфат "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ
15:20 – 15:40 Кофе-брейк
15:40 – 16:00 ATC-де GRF қолдану тәжірибесі АТЦ бастығы - Курьеров Андрей "Қазаэронавигация" РМК
16:00 – 17:00 GRF авиациялық оқиғалар қаупін азайту жөніндегі жаһандық бастама ретінде Метеорология бойынша аймақтық маман - Онлайн – Кристофер Кеохан ИКАО
17:00 – 17:30 Жалпы фото
Шақыру бойынша Гала кешкі ас

29 қараша

Таңертеңгі кофе.
10:00 – 10:20 Авиакомпаниялардың GRF қолдану тәжірибесі Ұшуды даярлау жөніндегі Директор - Алмаз Токбакбаев АО «Эйр Астана»
10:20 – 11:00 GRF өнімдеріне және үйкелісті өлшеуге арналған жабдыққа арналған бағдарламалық жасақтама Директоры-Микко Каллио Мовентор ой
11:00 – 11:20 "Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында" GRF енгізу Әуеайлақтар бөлімінің әуеайлақ инспекторы – Айдын Мирзазаде САА Азербайджана
11:20 – 11:40 Грузияда GRF енгізу тәжірибесі Әуеайлақ бастығы - Миндия Абуладзе Тбилиси Грузия халықаралық әуежайы
11:40 – 12:00 Жабылу салтанаты, жалпы фото
12:00 – 12:40 Түскі ас
13:00 – 16:00 Алматының көрікті жерлері

Негізгі демеушілер

logo

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

logo
up